Қазақстанда қазан айының ортасына таман бензин бағасы литріне кемінде 157 теңгеге дейін көтеріледі, деп болжады «ҚазМұнайГаз»-дың операциялық басқару жөніндегі бас директоры Нұркен Мырзағалиев.
Оның айтуынша, АИ-92 бензинінің баға коридоры 155-157 теңге аралығында болуы тиіс.
«Бәрі жаңа бензиннің жеткізілуіне байланысты. Бағаға ең әуелі бензиннің Ресейдегі бағасы, сосын тасымал мен сақтау бағасы, ең соңында біздің аздаған маржамыз – қосымша құны қосылады. Сонымен АИ-92 бензині 155-157 теңге болады дей беріңіз»,