Жылу мен энергетика кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин Алматыда жылыту маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлады Zakon.kz.
“Оның өз нормативі бар. Тәуліктің орташа температурасы үш тәулік бойы 8 градустан төмен болып тұрса – жылу беріледі“, – деді Гирин.
Оған сенсек, қазандықтар жылыту маусымына дайын.
Алдағы күндері орташа тәуліктік температура мынадай болмақ: 30 қыркүйекте +10…+ 12 градус, 1 қазанда +15…+17 градус болады.