Белгілі әнші Ерке Есмаханның осыдан бірнеше жыл бұрын қандай болғанын (суретте) көрсететін видео ғаламторда таралып жатыр. Ал желі қолданушылары мұны көріп, Еркенің пластикалық ота жасатқаны туралы айтуда.
Caravan.kz медиа-порталы сол пікірлердің біразын оқырмандар назарына ұсынады.
Улья Рахметоллаевна: Макияжбен бəрін жасауға болады. Ешқандай да ота жасамаған.
Қазақ қызы: Адам болған соң өзгереді, сол қалпында қалып қалмайды. Сендер де жұлдыз болсаңдар, көрер едік. Алла берген түрі. Сендер оның түрі жаман дей алмайсыңдар. Өмір ғой, не істесе де, өзі біледі. Әйтеуір басқа жерін ашып жүрген жоқ қой. Әні де керемет. Басқалар сияқты түсінбейтін ән айтып жүрген жоқ. Ол өз өмірі не істесе де өзі біледі. Сондықтан сырттан тон пішкенді қояйық, достар…
Аквариус Дракон: Дұрыстап қараңыздаршы, мұрнына операция жасалған сияқты. Басында мұрны картоп сияқты еді. Соңғы кезде қырлы, ұзын мұрын.