Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
12
USD
444
0.00
EUR
481
0.00
RUB
4.88
0.00

Латын әліпбиін енгізу – орыс тілінің қолданыс аясын тарылта ма?

278

Шыны керек, орыс әліпбиі мен орыстың тіліне үйреніп алдық. Анығында, бұл тіл қытай тілімен қатар қоятын, меңгеруге қиын тілдердің бірі.

Қазақтар қиналған жоқ, бірақ. Мұның тарихи, әлеуметтік себептері бар, иә. Ал шетелдіктер мен Қытайдан, Еуропадан келген қандастарымыз үшін орыс тілі алынбас қамал. Игерілуі қиын. Түсінбейді. Қолдана алмайды. Арап әліпбиі туралы да осыны айтар едік. Оны да меңгеру оңай емес, анығында. Үйренбеген адамға араб тілінде жазу мүлдем мүмкін емес. Себебі, бұл әліпбиде әрбір әріп сөздегі орналасуына қарай әр кезде әртүрлі жазылады.  Ал

латын әліпбиі, соңғы он жылда өзінің технология тілі бола алатынын әрі қолданысқа ыңғайлы екенін дәлелдей алды.

Негізінде бұл әліпбиді Ресей мен Қытай да жиі қолданады. Сондықтан біздің латынға өтуіміз асығыстық емес, прагматикалық тұрғыдан ойлағанда өте орынды шешім.

Ал орыс тілі ше?

Бұған қатысты Назарбаев өткен жолы ғана айтып кетті. “Тіл реформасы орыс тіліне қатысы жоқ” деді ол. Орыс тілі кириллицада қалады. Бірақ, бір мәселе бар.

Жаңа әліпби орыс тілінің қолданыс аясын тарылтып жібермей ме?

Назарбаевтың айтуынша, бұған алаңдайтындай ештеңе жоқ. Орыс тілі өз алдына, латын әліпбиі өз алдына. Былайша айтқанда, бұл екеуінің жолдары түйіспейді. Сорпасы қосылмайды. Өзгерістер орыс тілін айналып өтеді.

сондықтан да жаңа әліпбиді ендіргесін орыс тілінің қолданыс аясы тарылады деу қисынға келмейді.

Тоқ етерін айтқанда, осы. Үкімет тілге келгенде орыс тілі мен ағылшын тіліне қатысты көзқарасын әлдеқашан анықтап қойған.

Картинки по запросу латиница русский язык

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз