Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы нөлден төмен болмақ.
Қазақстанның бес облысында ауа температурасы минус 6 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлады “Қазгидромет” баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, 22-23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 22-24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел соғады – 15-20 м/с, температура түнде 1-6 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы.