Меруерт Түсіпбаева алғаш рет баласының әкесі кім екенін айтты.
«Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әнші «Қимай сені барамын» әнінің бейнебаянына өзімен бірге түскен жігіт ұлының әкесі екенін айтты.
«Біз сегіз жыл өмір сүрдік. «Қимай сені барамын» атты клиптегі жігіт — менің баламның әкесі. Сегіз жылдан кейін біз ажырасып тындық»,- дейді әнші.
Еске салсақ, Меруерт Түсіпбаева — 15 жастағы ұлдың анасы. Әнші бұған дейін отандық басылымның біріне берген сұхбатында ажырасқаннан кейін, отбасылы адамға ғашық болғанын айтқан.