Әлеуметтік желіде Головкиннің жеңісіне 7,5 млн теңге тіккен қарағандылық жігіттің жайына алаңдаушылық білдіруші жазбалар жарияланып жатыр.
Бірер күн бұрын Головкиннің фанаты – қарағандылық жас жігіт Mercedes көлігін 7,5 млн теңгеге кепілге қойып, ол ақшаны өзінің кумирін қолдау үшін тіккенін айтып, Интернетте видео жариялаған. Ол: “Головкин жеңеді” деп 7,5 млн теңгенің бәрін бәске тікті. Қазір белгілі болғандай, ойын тең нәтижемен аяқталды. Демек, ол жігіттің 7,5 млн теңгесі бұлбұлдай ұшты дейсіз ғой.
“Енді ол қайтер екен, обал болды ғой” деп жазып жатыр желідегілер. “Көлігі қымбат, ақшасы көп біреу ғой, оған бұл түк емес шығар” деп жазса біреулер, ал тағы біреулері: “Бұл жәй жарнама шығар, шындығында осыншама ақшаны көзсіз тіге салмас” деп оған сенбей жатыр.