Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Ұят болды”. Димаш Құдайберген “Gakku Дауысы-2017” фестивалінде ән салды (видео)

265

Фестивальдің шымылдығын әнші Қайрат Нұртас түрсе, ал оны бүгіндері аты жер жарып тұрған жерлесіміз Димаш Құдайберген жауып берді.

https://kaz.365info.kz/khytajlardyn-esi-shykhty-dimash-tagy-zhardy-video-279484

Фестиваль Gakku телеарнасынан тікелей эфирде берілді. Сондықтан болар, олқылықтарға мұнда жол беріліп жатты.

Тікелей трансляция кезінде Димаштың орындауындағы әндер экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жолда қате-қате боп кетті. Мәселен, Димаш, ең бірінші топ жігітпен сахнаға шығып, би билеп, Майкл Джексонның әнін орындағанда титрда “Дайдидауды орындайды” деп шықты. Ал “Дайдидауды” орындағанда “Махаббат бер маған!” деген жазу шығып, әбден шатасып, быт-шыт болды. Ал “Көркемім” әнін орындағанда ол титрға “Көркем” деп шықты.

https://kaz.365info.kz/fanattardyn-biri-dimashtyn-erekshe-anshi-ekenin-daleldejtin-video-zhariyalady-279990

Соған қарағанда бұл фестивальді ұйымдастырушылар, содан соң техникалық жағында отырғандар қазақшадан мүлде “қақпайтын” сияқты. Не де болса әбден ұят болды. Әлем елдері жерге аяғын тигізбей, ұлықтап жатқан ұлымыздың абыройын осылай төге салдық.

Димаштың одан бір жері кеміп қалмайды, әрине. Ол өзінің биік тұғырында қала береді, солай болсын лайым! Бұл, ең алдымен қазақтарға ұят. Осындай салтанатты шараны ұйымдастыруға оларды жолатпай, өзгеге тізгінді беріп қойғандарға ұят…

https://www.youtube.com/watch?v=jrTsWQSgisE

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз