Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңес өтеді.
Кеңесті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингімен бірге ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы кеңеске АКТ саласындағы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, әлемнің 10-нан астам елінен АКТ саласының компаниялары шақырылған.
Айта кетерлігі, бүгін түстен кейін АКТ саласындағы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, АКТ компанияларының қатысуымен жалпы сессия өтеді. Онда цифрлық экономикаға көшу, стартап экожүйені дамыту, сонымен қатар цифрлық қызметтерді енгізу мәселелері талқыланады. Жаңадан АКТ-стартаптарды бастаушылар мен кәсіпкерлер үшін шеберлік сабақтарын өткізу де жоспарланған.