Кеше Алматыда жыл сайын өткізілетін “Алматы аруы-2017” сұлулық байқауының ақтық сайысы болып өтті.
Кеше Алматының төрінде қаладағы ең сұлу аруды таңдады. Сәбина Әзімбаева “Алматы аруы-2017” атағына лайық деп танылды.
Ол енді “Әлем аруы – 2018” байқауына қатысатын болады. Бірінші вице-мисс атағын Алина Мелкина жеңіп алса, екінші орын Дарья Галочкина есімді сұлуға бұйырды.
Оңтүстік астананың ең сұлу арулары атағын алу үшін 10 қатысушы таласқа түсті.
Байқаудың ақтық сайысы Amure концерттік-көңіл көтеру кешенінде болып өтті.
https://kaz.365info.kz/dinara-syltannyn-elden-zhasyrgan-kyjeui-belgili-sheneunikterdin-biri-bolyp-shykhty-foto-video-279664
Көптен күткен ”Алматы аруы – 2017” байқауында ақтық финалға қатысқан 10 қыздың 9-ы өзін орыс тілінде таныстырды
Айта кетейік бұл жылы қыздардың білімін тексеретін ”сұрақ-жауап” сайысы мүлдем болған жоқ.
Сонымен қатар байқаудың ұйымдастырушылары сайысқа арнайы сахна емес, “тойхананы” лайық көріпті.
https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtastyn-ajeli-esh-zherde-zhariyalanbagan-otbasylykh-suretterin-zhariya-etti-foto-video-279448
Ерекше айта кететін бір жайт, келген қонақтар да өздерін байқауда емес, тойда отырғандай сезініп ішімдік ішіп, кеш бойы кальян шегіп отырумен болды. Ал сайыстың соңына қарай, залдың іші кальянның көк түтінімен демалды.
Сонымен бірге, байқауға қатысқан қыздар сайыс басталар алдында “батылдық” үшін деп коньяктан да ұрттап алды.
Дереккөз: nur.kz