Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасында латынға көшуде әліпбидің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері бойынша тыңдалым өтіп жатыр.
Оған тіл институты мамандарынан бастап, қоғам қайраткерлері, депутаттар, сарапшылар, ғалымдар – бәрі қатысуда. Мұнда айтылған пікірлер екіге жарылуда.
Бірі – ақын, лингвист-ғалым Олжас Сүлейменовтың позициясын танушылар:
„Әлі асықпайық, дұрыстап әліпбиді түзеп алайық„ деседі.
– Шынында да дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі болды.
Біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады.
Қалта телефонымызға келген СМС орысша хабарлар латиницамен келіп, бізді ақырындап осылай дайындады.
Осы күні соткасынан айырылған адам,
соскасынан айрылған баладан бетер.
Мына заманда шынында да ағылып жатқан ақпараттың барлығы латиница, өйткені әдеп солай ыңғайланып жатқан кезде туады. Осы уақыттан, қазірден ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек, кеш болуы әбден ықтимал.
https://kaz.365info.kz/menen-syramaj-ma-olzhas-sylejmenov-ajdy-aspannan-bir-akh-shygardy-260165
Кеше қысынан айырылған түріктің реформасы бар, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасынан алатын үлгіміз бар, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайы біздің де басымызда бар. Ол қателікті жібермеуге бізде толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан да қиын деп, ойламаймын.
1929 жылы біздің қазақ арабикадан латынға бар болғаны екі-ақ жылдың ішінде ауысқан. Қазір компьютердің заманы. Содан қиын емес.
Ең бастысы, ниет керек”,
– деді депутат.
Айта кетелік, латын қарпіне көшуде асығыстық танытпауды ұсынушылар ішінде Олжас Сүлейменов те бар.
Дерек көз: Tengrinews.kz