Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
10
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұратындығы ескертілді

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз қатты жел соғады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, қатты жел соғады.

Түнде Қызылорда облысының кей жерелрінде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде де жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз