Ақтөбеде туыстарының рұқсатынсыз қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын алғандарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеушілер дәрігерлердің еш жазығы жоқ деп отыр, деп хабарлайды КТК.
Екі ай бұрын 22 жастағы Серікболсын Көшербай облыстық ауруханада есін жимастан көз жұмған. Оның өлімін жақындарына естіртпестен дәрігерлер қос бүйрегін сойып алады. Сол бойда екі науқасқа салып берген. Кейін қаралы отбасы прокуратураға шағымданып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының үстінен де сотқа арызданды.