Елді шулатып, әлі күнге дейін талқының астында жүрген Кешьюдің экс-солисті Ақбота Сейітмағамбет сындарға төтеп беруден шаршаған сыңайлы. Желідегі соңғы жазбасында әншінің ызалы көңіл күйін бірден байқауға болады.
“Мен әрдайым ешкімді сынамауға тырысамын, себебі өмір тағы қандай сынақтарды алдыма тосып қоятынын білмеймін. Адамның қалай өмір сүріп жатқанын білместен, оны сынау оңай. Әрқайсысымыз сүттен ақ, судан таза емеспіз. Мені бірінші өз балшықтарын тазалап алмас бұрын, басқа біреуге кір жағатындар қатты таң қалдырады. Өмірді былай сүру керек деп біреу біреуді үйретуге ешкімнің құқысы жоқ. Барлығы аузы көпіріп, ақыл айтқанды қатырғанымен, не айтқанын барлығы біле бермейді. Біреудің өмірі әрдайым жұмбақ. Барлығын білемін деп ойласаңыз да, сіз сахна сыртындағы өмірді қарай алмайсыз, сіз ешқашан бір жағдайдың неліктен олай болғандығын да біле алмайсыз. Сізде де солай. Ешкім сіздің жағдайыңызға түпкілікті еніп, сіз кешкен күйді кеше алмайды. Алыс туысқаныңызға, көршіңізге немесе маған кір жақпас бұрын , өмірдің өзі саған алдыда қандай тосын сый жасайтынын ұмытпағайсың. Мені кейде ақылсымақтар қатты таң қалдырады және олардың маған тілегенін мен өздеріне тілеймін!
Егер мен сізге ұнамасам, менің парақшам ұнамаса- жол ашық! Қалай парақшамнан шығып кетуді білетін шығарсыз?”,- дейді әнші.