Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Жерге шағын қаланың көлеміндей астероид жақындап келеді

Калифорния технологиялық институты жанындағы Реактивті қозғалыс зертханасында «Флоренс» Жер шары тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті. Жеті миллион шақырым – бұл Айға дейінгі қашықтықтан 18 есе ұзақ.

— Жер шарына бұдан да жақын қашықтықта ұшып өткен көптеген астероидтар болды, бірақ олардың көлемдері «Флоренс»-пен салыстырғанда шағын болатын, – деп мәлімдеді зертхана мамандары. — NASA-ның астероидтарды бақылау жөніндегі бағдарламасы іске қосылғаннан бері бұл Жер шарына осындай ірі көлемді астероидтың жақын келуі алғаш рет болып отыр.

Заманауи телескоптар астероидтардың беткі қабатын түсіруге мүмкіндік береді, соның арқасында ондағы объектілерді 10 метр шамасында үлкейтіп көрсетуге болады. «Флоренс» астероидының Жер шарына келесі жақын келуі шамамен 500 жылдан кейін қайталануы мүмкін.

Астероидты телескоптың көмегімен бақылауға болады. Ол аспанда Оңтүстік Балық, Суқұйғыш, Тауешкі және Дельфин шоқжұлдыздары арқылы өтетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз