ҚР Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық ерлер мен әйелдердің мықты қолдары туралы әзіл айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әзіл Астанада өтіп жатқан кәсіпкер әйелдердің жиынында айтылды. “Ерлер туралы сөз қылмайтын әйелдер бар ма? Қазіргі ерлер өзге дейді. Олардан көп нәрсе талап ете беруге болмайды, олар дағдарыс жағдайындағы тіршілікке бейімделмеген. Оларды тек сүю керек, еркіндік беріп, кемшіліктерін елемеу керек дейді. Мен сіздерге Ирина Хакамаданың сөзіңдерін келтірдім. Ол ерлер арасында өте танымал болды, әрине. Мұның да өз шындығы бар шығар. Сіздің үйде де осындай қазына пайда болса, бәріне дайын болу керек дегенім ғой. Сондықтан өмір қолы қарулы әйелдің алақанында болу керек”, – дейді Назарбаева. Сенатор қазіргі таңда әрбір әйел саясатта да, бизнесте де, ғылымда да өзін көрсете алатынын атап өтті.