Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге орай ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШҰ) Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербо бірлескен мәлімдеме жасады.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
1. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге орай ядролық сынақтарсыз бейбітшілікке жету үшін біз әзір екенімізді мәлімдейміз және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне түпкілікті енуіне өзіміздің бел байлағанымызды растаймыз.
3. Шарттың XIV-бабында көзделген процестің тең төрағасы ретінде Қазақстан Жапониямен бiрге ЯСЖТШ күшіне енуіне жәрдемдесудегі жаһандық күш жігерлерінде жетекші рөл атқарады.
4. Қазақстан 2017-2018 жыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауды талмай жалғастыруда, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ядролық қарудың қауіп-қатерлерін баса назар аударады.
5. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде біз қол жеткізген жетістіктерімізді еске алуымыз керек. ЯСЖТШ-ның әмбебап мәртебесі бар: бүгінгі күнде Шартқа 183 мемлекет қол қойған және 166 мемлекет ратификациялаған. Сондай-ақ, ЯСЖТШ-ның Халықаралық мониторинг жүйесі (IMS) аяқталуға жақын. Ол өзінің пәрменділігін және тиімділігін дәлелдеді. Біз халықаралық қауіпсіздік пен сенімді нығайту үшін Шарт мониторингі жүйесінің шешуші рөліне сенімдіміз және оны әрі қарай қолдауға бейілділігімізді растаймыз.
6. Мақтауға тұратын нәрсеге ие болғанымызға қарамастан, Шарттың өзі әлі де күшіне енуі қажет. Біз барлық қатысушы мемлекеттерді ядролық сынақтарға тыйым салу халықаралық құқықта міндетті сипат алудың оның күшіне ену үшін бар күш-жігерлерді салып келгенде шақырамыз. Сондай-ақ, біз барлық мемлекеттерді ядролық сынақтарға мораторийді сақтауды жалғастыруға шақырамыз.
7. Біз Шартқа қол қоймаған және/немесе ратификацияламаған мемлекеттерді одан әрі кешіктірусіз жүзеге асыруға шақырамыз. Атап айтқанда, біз Шарттың күшіне енуі үшін ЯСЖТШ №2-қосымшадағы ратификациясы қажет қалған сегіз елді көшбасшылық көрсету және осы маңызды қадамды жасауға шақырамыз.
8. Ядролық қарудың таралуын және ядролық сынақтардың қайта басталуы мүмкіндіктеріне байланысты алаңдаушылық жағдайына, Қазақстан мен ЯСЖТШҰ барлық мемлекеттерді Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күніне арналған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Шарттың күшіне енуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырады.
9. Өзіміз және болашақ ұрпақ үшін біз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың кідірместен күшіне енуіне қол жеткізуге міндеттіміз.