Димаш Құдайберген Қытай астанасы Бейжіңде өткен Азияның жаңа әндері фестивалінде («2017 Fresh Asia music Festival») «Жылдың ең үздік шетелдік өнер адамы» номинациясы бойынша марапатталды.
Осы фестивальдің марапаттау рәсімінің видеосы әлеуметтік желілерде қазір көптеп бөлісіліп жатыр.
«Ассалаумағалейкум, құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Осы фестивальде жеңімпаз атану мен үшін арманыма үлкен қадам басқан болып саналады. Музыкада шекара жоқ, соны сіздер дәлелдедіңіздер. Алдағы уақытта Қытай елінде алғашқы концертім өтеді, сіздерді күтемін» – деді Димаш сахнада сөйлеген сөзінде.