17 жастағы қыздың тарзанкадан сәтсіз секіріп, өзенге құлаған жан түршігерлік видеосы Бейжіңде түсірілген, деп жазады inform.kz.
Батыл қыз 50 метрлік платформаға көтерілген. Аяғын резеңке арқанға байлаған бойжеткен төмен қарай секірген. Алайда, арқан қысқарған кезде тартылысқа шыдамай үзіліп кетті.
Бойжеткен қыз суға құлады. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқтығын хабарлады.
People’s Daily Online сәйкес, 17 жастағы тяньцзиндік бойжеткен 18 тамыз күні “Шиду” ұлттық саябағында секіруді жөн көреді. Саябақтың басшылығы қайғылы жағдай фактісін растады. Ішкі тергеу жүргізіп, қыздың денесіне бекіткішті орнату кезінде қателік жіберілгенін анықтады.
https://youtu.be/Nj1xNRxpSFo