Алматы облысы Талғар қаласында Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Алматы облысы Талғар қаласында Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл ақпаратты Алматы облысы ІІД растап отыр. Видеода көріп отырғанымыздай, кенеттен бетперде киген тонаушылар төбеден түсіп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Қарақшылар кассадағы барлық ақшаны алып кеткен.
«Қылмыс бүгін таңертең тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ жедел іздестіру тобы мен Алматы облысы ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – дейді Алматы облысы ІІД.
Kaspi Bank-тің мәліметінше, олар құқық қорғау органдарына Талғар қаласындағы банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған.
«Бөлімшеде бұл кезде клиенттер болмаған. Банк қызметкерлері де зардап шекпеді. Банк қызметкерлері болған оқиға жайында құқық қорғау органдарына дереу ақпарат берген. Банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органымен бірге жұмыс жасап жатыр. Келтірілген шығын анықталып жатыр», – деп хабарлайды Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі.
Видео: tengrinews.kz