Қазақстан аумағы жүріп жатқан антициклон әлі жалғасуда. Дүйсенбі күні күн ашық болғанымен, түнде көп жерде салқын болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің шығысынан басқа өңірлер жауын-шашынсыз. Елдің солтүстік батысында, солтүстікте және шығыста, таңғы және түнгі мезгілде кей жерлерге тұман түседі.
Оңтүстікте, оңтүстік шығыста жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, түнде және таң ата тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таң ата кей жерлерде тұман болады.
Атырау облысында және Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысында және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.