Ия, менің әйелім – Алматының «коренной» шалақазақтарының отбасынан шыққан таза шалақазақ қыз. Әп-әдемі. Пып-пысық!
Екеуміз жарты жылдай кездесіп, қыз бен жігіт сияқты «жүріп» жүргенде орысша-қазақша аралас сөйлесіп жүргенбіз, оған мән бермеппін. Пәленің көкесін үйленгеннен кейін, оның алдындағы «кудалык» пен «горько» деп ел шулаған тойсымағымызда көрдік.
Әйелім жүріп жүргенде менімен қазақша өтірік сөйлесіп келіпті! Қалай байқамағам? Бәлкім, ғашық адамның есі ауысып кете ме екен?
https://kaz.365info.kz/bersen-boldy-vatsapta-500-tengege-sheshinetin-khazakh-khyzdary-bar-18-299726
Сөйтсем, ол қазақша дым білмейді екен: түріне қарасаң, сөзіңді түсініп тұрған сияқты, бірақ түк түсінбейді. Сенесіз бе, «жүр, далаға шығайық», «дүкенге бардың ба?» деген қарапайым сөздерді де түсінбейді.
Атасы – атақты ғалым! Кезінде дүркіреген, Алматыны шулатқан адам болған екен. Пәмилиесі кім екенін айтпай-ақ қояйыншы, скандал шығып кетер)))
Әзірге баламыз жоқ.
Шалақазақ қыздар кәдімгі қазақ қыздары сияқты емес екен. Өйткені тұрмысқа шыға салысымен бірден бала тумайды екен. Қызық ия?
Мысалы, достарымның «таза қазақ» әйелдері талай баланы топырлатып тастады. Менің «шалаказашкам» (кейде солай еркелетемін) бала тууға әлі дайын емеспін (я еще не гатова) дейді. Бәлкім, мені біраз тексеріп, тәрбиелеп, өзі сияқты шалақазақ еткеннен кейін туып берер ме екен?
Айта берсем, менің отбасымда қызық көп. Қайбір ұсақ-түйегін тере берейін?
Әй, бірақ осы әйеліңнің шалақазақ болғанының бір артықшылығы бар екен:
Сіз күлмеңіз, оның қазақша дым қақпайтыны – маған жақсы болды!
https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzdarynyn-khyzygyn-da-khyzdygyn-da-sheteldikter-korude-284948
Әйелім білмесін, естімесін деген қауіпті әңгімелерді әйелімнің көзінше телефонмен-ақ айқайлап сөйлесіп айта беремін. Ол ұқпайды! Күлімсіреп қарап тұрады.
Кеше ғана үйленген баламын ғой, әлі де қыз-қырқын хабарласып, желіде хат жазып тұрады. Дос жігіттермен арадағы әйел естімеуі тиіс әңгімелер бар. Оны да түсінбейді. Рахат! Үйленген дос-жарандарым SMS-хаттарын тазалап әлек, ойбай, әйелім көріп қояды деп. Менде ондай мәселе жоқ. Мен қазақпын, әйелім шалақазақ! Қызық өзі…
Әйелімнің қазақша үйренуге құлқы тұрмақ, қабілеті де жоқ!
Ертең балалы-шағалы болып жатсам, балаларымды туабітті қазақшаға үйретіп алмақпын. Жүрсін сосын әйелім, бізді түсінбей, құпияларымызды аша алмай.
https://kaz.365info.kz/onsiz-khyz-bolganyma-okinemin-shaldar-da-kharamajdy-student-khyzdyn-zhazbasy-290585
Жомарт Төреғали