17-тамызда еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында күн ашық болады, Қазақстанның қалған аумағында ауа-райы құбылмалы.
Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклонның жүруіне байланысты республикамыздың солтүстігінде, солтүстік батысында және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Ал Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, түнде және таңертең тұман түсуі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, түнде Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ түсуі мүмкін.
Ақмола облысының түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Алматы, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.