Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Нұрсұлтан, Қазақстан!”. Шымкент мешітінде жастар шу шығарды

166

– Әрине дұрыс емес. Ондайға рұқсат жоқ. Ол жігіт жұма намаздан соң хадис айтамын деп алдаған. Кейін орынбасарым оларды тоқтатқан. Түсіндіргеннен кейін, “ойбай, кешіріңіз, мен білмедім”, депті. Не себепті олай істегенін біз де түсінбедік, дейді ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек.

Бұл жайтқа қатысты өз ойын білдірген “Нұр Мұра” қоғамды бірлестігінің төрағасы  Абдулла Бақадыр “Мешіт – саяси алаң емес”, дейді. Бірақ қазіргі жастардың патриоттық сезімін ояндыру үшін жасалған істі қолдаймын, дейді діндар.

– Бұл əдейі жасалған ойын. Сценарий бойынша істегені көрініп тұр. Дегенмен, бүгінде мешіт бейшара күйде. Сақалдылар басынған.  Мəңгүрттер билеген мешітті. Имамдар қара басының қамымен жүр. Бұл тұста, түпкі мақсат отансүйгіштікті насихаттау болса дұрыс, дер ем. Теріс ағымға елес қуып кеткен жастар ояну үшін, деп есептейді “Нұр Мұра” қоғамды бірлестігінің төрағасы  Абдулла Бақадыр.

Облыстың бас имамы бұл оқиғаға қатысты алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтады. Алайда мешіт ішінде Назарбаев саясатын қолдауға шақырған жігітке қатысты басқа шара қолданбайтын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз