Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Алматыда қайтыс болған студенттің жақындары қыздарының жетісін берді

Тілеугүл Қуаныштың жақындары Азиздің үйіне барып, болған жағдайды азаматтың өзінен сұрап білмек болған. Алайда, “бұл – тергеу жұмыстарына қысым жасау болып табылады” деген тергеушінің ескертуінен кейін ол ойларынан айнып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Азиз Ваитов – Алматыда 8-қабаттан құлап қайтыс болуы мүмкін деген студент қыздың соңғы хатында аты аталған азамат. Алайда, тілшілер Азизді үйінен таба алмады.

Азиздің үйінен шыққан азамат тілшілермен тілдесуге құлықсыздық танытты. Көршілерінің айтуынша, ол Ваитовтың туысы көрінеді. Бірақ  Азиздің анасымен тұратын басқа мекенжайын айтып, сұхбат бергісі келмеді.

Алайда, бұл маңайдың тұрғындары Азиз Ваитовтың дәл осы үйде тұратынын айтады. Көршілері туралы да жақсы пікірде.

Өзіміз де таңқалып қалдық. Ондай болуы мүмкін емес. Ондайға бармайды бұл бала”, – дейді Азиз Ваитовтың көршісі.

Тілеугүлдің анасы қызын өлтіруі мүмкін адамның жалғыз болмағанын айтты.

“Артында тағы бар. Ол жалғыз емес. Жалғыз адамға күш бере қоятын адам емес. Менің қызым батыл. Өзіме ақылшы болып отырған қызым. Оның ар жағында шақырып алған қыздар бар. Бәрін тапсын. Әзиз өзі біліп тұр. Соны тауып көрсетсін соны”, – дейді анасы.

Сондай-ақ, Тілеугүлдің анасы, қызынан келген соңғы хабарламаның да басқа біреудің жазуы мүмкіндігін айтады. Ал, тергеу жұмыстарының жүріп жатуына байланысты, әзірге қалалық ІІД бұл іске қатысты пікір білдірмеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз