Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.
«Бір күні мен сахнадан кетемін. Күресуден жалыққан сәтте кетемін. Себебі біздің сахна – ол тұнып тұрған күрес, нағыз шығармашылық пен сапа жолындағы күрес. Қырғыз, өзбек, түрік немесе румын әндерін ұрлауға қарсы күрес. Тыңдарман үшін және күн астынан өз орныңды табу жолындағы күрес. Бір күні біз де өз әндеріміз бен әртістерімізді ажыратып алуды және бағалауды үйренеміз. Қазақ мәтінді тақпақтар мен шансондар – шығармашылықтың биік шыңы емес екенін халық бір күні түсінеді. Күндердің күнінде фонограммамен жеке ән кешін беру, ол уақытта тек түрлі киім мен сахналық мейкке мән беру – ұят болып саналады. Сахнада әртіс пен оның даусы ғана қалса (яғни әннің ізі де қалмаған сәтте) – ол ән айту мәдениетінің жоқтығын білдіретін болады.