Қазталов ауданы Талдыапан ауылынан 17 шақырымдай қашықтықта болған дала өртінен 100 ешкі, 90-нан астам қой тірідей жанып кетті.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Талдыапан ауылдық округінің әкімі Асқар Есқалиевтің сөзіне қарағанда, қой бағып жүрген 1990 жылғы азаматтың денесін 70 пайыз күйік шалған. Қазір ол Жалпақтал ауруханасында жатыр.
Еске сала кетейік, бүгіндері Қазақстанның бес өңірінде өрт болып, шабындық және жайылымдық жерлер отқа оранғаны тіркеліп отыр.