Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Аптап ыстық салдарынан еліміздің бес өңірінде өрт болды

111

Ақтөбе облысында Байғанин, Қобда аудандарында өртті ауыздықтау жалғасуда. Күштер мен құралдар саны – 134 адам, 15 техника жұмылдырылған. Атырау облысы Исатай ауданында ерікті өрт сөндіру құрамаларының күштер мен құралдар саны – 10 адам, 2 техника. Отқа оранған алқап – 5 гектар.

Базаршолан ауылдық округінің 9 учаскесінде 62 адам және 6 техникамен ТЖД, еріктілер, орман шаруашылығы қызметкерлері өртпен арпалысуда. Бөрлі ауданындағы 2 учаскеде өртті жоюға «Өрт сөндіруші» АҚ, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан 9 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында ТЖД күштерінен 4 адам және 1 техника тартылды. Ұлытау ауданында өртті ауыздықтауға ТЖД күштерінен, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан: 24 адам 5 бірлік техника тартылды.

Қарсақбай ауылында ТЖД күштерінен, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан: 20 адам, 2 техника жұмыс істеуде. ОҚО-ның Төле би ауданында Қызылтау шатқалында өртті сөндіру жалғасуда. Оған ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардан 51 адам, 7 техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған алаң – 16 гектар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз