Шымкентте шақырту түсіп, аттануға асыққан өрт сөндірушілер арнайы техниканы суға толтырып жатқан кезде құдықтың гидрантын жұлып алған.
Салдарынан Жангелдин көшесі бойында Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысы алдында көп қабатты үйдің биіктігіндей су көкке атқылап, жарты сағатта көшені басып қалды, деп хабарлады Otyrar.kz.
30-шілдеде түнде қалалық су арнасы суды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, бірнеше көше тұрғындары сусыз қалды. Кейбір аулаларды су басты.