Ақтауда қыз бен жігіт суға батып кетті. Оқыс оқиға 30 шілде күні “Әскерилер” жағалауында сағат 22:00 шамасында болған.
Бұл туралы Лада.кз хабарлады.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, батып кеткендердің мүрдесін жағаға демалушылар шығарған. Бұдан кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келіп жеткен. Дәрігерлер берген мәліметке сүйенсек, жігіт 20, ал бойжеткен 17 жаста болған.