Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қарағандыда педофил құрбаны болған бес жасар қызға ота жасалды

Баланың ата-анасы жанында. Ота сәтті өтті, бала енді емдеу курсын қабылдайды. Бала ғана емес оның ата-анасы да ауыр  психологиялық соққы алды. Отбасына кәсіби мамандар психологиялық көмек көрсетуде. Айта кетейік, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтбаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.  Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның жатын бөлмесінен 5 жастағы бүлдіршін табылды.

Ота сәтті жасалды. Қыз бала қазір ата-анасымен бірге. Науқас қыздың өзі мен ата-анасына психологтар көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай  ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты.

Ал педофилді соққыға жыққан полицей кепілақша төлеп, бостандыққа шықты. Алайда ҚР Қылмыстық кодекстің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істі тергеу амалдары аяқталғанша полицей бостандықта жүре алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз