Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
444
0.00
EUR
481
0.00
RUB
4.88
0.00

Қазақстандық оқушы Бразилияда математикадан алтын медаль алды

«Әлемдік додаға Қазақстан Республикасының атынан математика пәні бойынша құрама командасының сапында 6 оқушы бақ сынады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның командасы 4 медальға ие болды. Оның біреуі алтын, екеуі күміс біреуі қола. Сондай-ақ, бір бала ұйымдастырушылардың Құрмет грамотасымен марапатталды», – дейді оқушының жетекшілері.

Мұхаммед-Әли Әмір халықаралық математика олимпиадасын осымен екінші рет бағындырып отыр. Байқау былтыр Қытайдың Гонконг қаласында өткен болатын. Ол сондай-ақ Жәутіков атындағы XIII Халықаралық олимпиадасының алтын медалін, XVI «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасының күміс медалін иеленді.

Павлодарлық оқушылар химия олимпиадасында да жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Тайланд елінде өткен 49-шы Халықаралық химия олимпиадасына әлемнің 76 елінен келген 304 оқушы қатысқан. Солардың арасында төрт медальдің бірін «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Темірлан Рахымов иеленді.

Дереккөз: Pavlodarnews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз