Бүгінгі нарық заманында той көздеп кеткен әншілер шынайы өнердің бағасын түсіріп жатыр деп байбалам салған аға буын өкілдері жоқ емес. Солардың бірі – Жұбаныш Жексенұлы.
“Мақтайсың кеп, мақтайсың кеп көзіме, өзімнің шамам белгілі ғой өзіме” деген гой бұрындары. Көзге мақтап жүргенде, біздің эстраданың қазіргі дәрежесі төмендеп кеткен. Естуге құлақ, көруге көз ұялатын бейнебаяндар мен әндердің қаптап кеткен жайы бар. Соны естіп тұрып, біліп тұрып, сезіп тұрып, көріп тұрып бетпе-бет келгенде бетіне айтуға қорқып, қорықпаса да ыңғайсызданатындар бар. Жұрт не ойлап қалады екен деп, әртістердің өзін ылғи да жақсы етіп көрсеткісі келетіні өтірік емес”, – деп күйінді ол.
“Өнерді өміріне өзек қылып, өмірін музыкаға әнге арнаған адамдар бар. Сондай-ақ, әкесі прокуорор, әкім немесе той-томалақта елдің көңілін шығып қалған әншілер бар. Солар кеп алдында қайқаңдап, бірге сахнаға шығып, қатар тұрып сахнада ән айтады.
Біреу барынша тырысып, әртүрлі байқаулардан, сындардан, мектептерден өтіп, сахнаға зорға жетеді. Ал біреу түстен кейін тойдан атып шығады да, ананың қасында қымбат киіп алып қатар тұрады. Бұл әділеттілік пе?”, – деді қынжылған әнші.
Дереккөз: nur.kz