Алматы облысы Сарыөзек ауылының тұрғыны Айбек Хусман әйнек сынығынан мешіттің шағын моделін жасап шықты.
Ол бұған дейін Жетісу жеріндегі осындай он шақты мешіттің үлгісін жасап, достары мен туыстарына сыйлады деп хабарлады Baq.kz.
«Болашақта намаз басталарда азан шақыратын мешіттер жасасам ба деймін. Осылайша бойымдағы өнерді ары қарай дамыта бермекпін. Бүгінде көптеген адам сынған әйнекті керексіз дүние деп есептейді. Ал одан осындай дүниелерді жасауға болады»,- дейді Айбектің өзі.
Айбек Хусман, қолөнер шебері:
– Әйнектен неше түрлі зат жасауға болады ғой. Көп ел ойлайды не істеймін мұны, керегі жоқ деп қоқысқа лақтырады. Ол заттың өзінен әртүрлі зат жасауға болады. Ол адамның ебіне байланысты енді. Шын ниетпен жасау керек қой, адал ниетпен.