Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Неге өйттің?”. Димашты жібергісі келмеген ел не істегенін білесіз бе? (видео)

Бірі – EXPO көрмесі құрметіне жазылған жаңа әні – „Сәлем„, екіншісі – Қытайдағы байқаудың гала-концертінде орындаған „Махаббат бер маған„ әні.

Өңірді танытатын гала-концертке көрерменнің басым бөлігі, шыны керек, Димашты көру үшін жиналған. Екі ән, әрине оларға қатты аздық етті. Жанкүйерлер өз наразылықтарын білдіріп, улап-шулап тұрып алды. Қазақы, қонақжай қалпына сай Димаш жанкүйерлерінің көңіліне түскен кірбіңді жуып-шаюға асықты. Сөйтіп ол музыкалық сүйемелдеусіз-ақ тағы бір ән орындады.

«Кешіріңіздер, негізі маған екі ән айтуға рұқсат беріліп еді. Бірақ Сіздердің ықыластарыңызды, дауыстарыңызды асыға күттім, ағайын. Тағы бір ән айтайын, бірақ музыкалық сүйемелдеуі жоқ, ештеңе етпес. Негізі, ертең өздеріңізді асыға күтем», – деді әнші.

Арасында басты концерті ертең екенін тағы еске салған Димаш мұнысын ағылшынша да түсіндіріп жатты.

Димаш Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да арнайы алғыс білдірді.

«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген. Менің ғана емес көптеген өнер майталмандарының емін-еркін самғауын үлкен септігін тигізіп жүрген Бердібек аға, сізге, алғыс айтамын», – деді Димаш.

Димаштың «Бастау» атты концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 маусым күні, яғни бүгін елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз