Қытайдағы Singer-2017 ән байқауы аяқталғанына біраз болғанына қарамастан онда өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндер әлеуметтік желіде әлі талқыланып жатыр.
Байқаудың І-турында-ақ көрермендерінің аузын аштырып, таңдайын қақтырған Димаштың орындауындағы француз әніне баға беру әлі жалғасуда. Бұл жолы алған әсерімен екі кәріс жігіті бөлісіпті. Видеодағы сөздерге қарағанда, біреуі Қазақстанның кәрісі, ал екіншісі отандасы, яғни шетелдік қонақ. Ол өз досына Димаштың орындауындағы әнге баға беруді сұрайды.
“Қазақ дейсің бе?.. Ал неге мұнда Қытай? Айтқандай, байқау Қытайда өтіп жатыр дедің екен ғой.
Ал мынау азиат қой… Қазақ емес. Мен қазақты орыстарға ұқсайды деп ойлайтынмын.
Қызық екен. Вокалы мықты.
Айдол (табындырушы адам) дейсің бе? Сонда қазақ Қытайда қалай айдол болып жүр?..
https://kaz.365info.kz/menimen-bolgynyz-kelse-osylaj-isteniz-dimash-fanattaryn-elendetip-khyzykhtyryp-khojdy-video-267496
Тура киттің дыбысы сияқты (шыңғырған жеріне келгенде). Маған осындай зор дауыстар ұнайды. Өте шынайы. Басында жіңішке дауыспен айтқанда қатты қысылып кеттім, одан соң зор дауысың естігенде жаным жадырады”, – деді әнді тыңдаған оңтүстік кореялық жігіт.