Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбеков сайланды. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында белгілі болды.
1973 жылдан – Қазақ химия-технология институтының оқытушысы – комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан – Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан – Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан – халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан – Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 1993 жылғы мамырдан – бірінші орынбасары. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан – ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан – ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан – ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан – ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Респбуликасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
«Құрмет» орденімен 4 медальмен марапатталған.
Дереккөз: ult.kz