Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстандық фильм алғаш рет Австрия кинофестиваль жүлдесіне ие болды

«Эдип тұратын жақта» – Алматы облысында түсірілген қысқа метражды фильм. Режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы – Бахтияр Исламов, продюсері – Дарья Корнеева. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм. «Үздік эксперименттік фильм» номинациясын да Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр. «Festival of Nations» – Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз