Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

“Тұра тұр, ағаң үйленсін”. Әкесін тыңдап, бақытын жоғалтқан жігіттің әңгімесі

200

Ал менің ағама келсек, ол тіпті үйлену жайлы ойланбайтын. Оның жасы 35-те болғанымен, қарым-қатынас құрған үш-ақ қызы болған. Қазіргі қызы одан батыл қадам күтіп жүр, бірақ ағам әлі де нақты шешім қабылдай алмай жүр.  Мен Дариға екеуміздің арамыз алшақтап бара жатқанын түсіндім, бірақ ата-ана талабына қарсы шыға алмадым.

Туысқандары отқа май құйды

Менің Дариғамның 28-інші туған күні. Бұл күн де келіп жетті. Маңызды іс-шараға бар күшімді салып, мейрамхананы сәндеп, керек заттарға тапсырыс беріп, жүгіріп жүргеніме қарамастан, қызымның көңілі жабырқаңқы, ол менімен мүлде сөйлескісі келмейтін болды. Арамызға отқа май құйғандай, туысқандары да қайта-қайта “жақсы ана бол, жақсы күйеу тап”, деген сияқты тілектерін жаудырта берді. Кешкісін оңаша қалғанымызда, ол дәл осы күні менің сөз салуымды күткенін айтып, өте қатты ренжігенін айтты. Менің қолымды итере салып,

осымен бәрі бітті,

деді де, теріс бұрылып кетіп қалды.

Қайта айналып келді

Мен 3 ай бойы түрлі сыйлықтар сыйлап, көңілін тапқым келген, бірақ мұным зая кетті.

Өзегімнен итеріп, ақыры басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті.

Араға 2 жыл өткенде бір ортақ танысымыздың туған күнінде кездейсоқ кездесіп қалдық. Ол күйеуі ұрып-соға берген соң ажырасқанын айтты. Бір баласы да бар екен.

Мен оны тағы да түскі асқа шақырғым келді. Бірақ, әлі де батылым жетпей жүр.

Ата-анамның тағы не дерін кім білсін…

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз