“Арыққа құлап мерт болған қыз сол түні мас күйде болмаған”,- дейді қыздың туған әпкесі
Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Сәуле Астанада мемлекеттік грантта оқып, бір апта бұрын ғана диплом алған. Қыздың әпкесі Айнұр Сәуленің жұмыс істеуге ұсыныс тастаған салық әкімшілігінде тағылымдамадан өтіп жүргендігін айтады, бірақ түлек Алматы қаласында “барлығына өз еңбегімен жетемін”, деп кетіп қалыпты.
Қыздың ашық мінезі мен еңбекке деген құштарлығын бағалап, ірі компанияның бірі Сәулені жұмысқа алған.
“Алайда, Алматыға көшіп келгелі Сәуле отбасысы мен туыстарын жиі сағынатын болды”,- дейді қызың әпкесі.
“Менің сіңілім- үйден шықпайтын қыз еді”,- дейді Айнұр.
Айнұрдың сөзінше, Сәуле ешқашан арақты аузына алмаған, осы күзде
ол жігітімен бірге шаңырақ көтергісі келген.
Сәуленің жерлеу рәсімі туған қаласы Жезқазғанда өтетін болды.
Бас тақырыптағы сурет nur.kz сайтынан алынды.
Желіде қыздың арыққа құлаған сәтіндегі видеолар пайда болыпты: