Ұлыбританияның«The Independent» газетінің ақпараты бойынша, биылғы қасиетті айда шамамен 1,6 миллиард адам ораза ұстаған, деп жазады muslim.kz.
Бұл дегеніміз әлем халықтарының 22 пайызы.
«Біздің оразамыз таңғы 1:35-те басталып, түнгі 12:48-де бітеді. Осылайша, оразамыз 23 сағат 5 минутке созылады. Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің оразамыздың 20 сағаттан артық болатынына сене алмайды», – деді жанұя отағасы Мохаммед.
Дегенмен, оның айтуынша, көрші елдердегі мұсылмандар осындай жағдайларға бейімделіп алған. Мысалы, Лапландияда тұратын мұсылмандар өздеріне жақын орналасқан мұсылман елі – Түркияның ораза ұстау уақытымен жүреді екен.