Ресми Дамасктің делегациясы Сирия бойынша бейбіт келіссөздерге шақыру алды.
Бұл туралы Ресейдегі Сирияның елшісі Рияд Хаддад хабарлады.
«Біз осы айдың 12-13 күндері Астанада өтетін келіссөздерге шақырту қағазын алдық»,- деп мәлімдеді Хаддад.
Сондай-ақ кездесуге Сириядағы оппозиция өкілдері де келеді.