Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қалай құрықталғаны белгілі болды (фото)

Арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдірген. Атыс кезінде арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған.

“Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің ұсталғандарды қамау туралы өтініші қабылданып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар қамауға алынды”, – деп хабарлады Алматы қалалық прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, Алматы қалалық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын және ол мәліметтерді құпияда сақтайтынын айтып өтті. Осыған дейін Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков ұсталған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз