Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат Ислам 24-жеңісіне қол жеткізді

Төртінші раунд Қанат үшін сәтті аяқталды. Дәл осы кезеңде қазақстандық боксшы қатарынан бірнеше соққы жұмсап, оң қолымен де, сол қолымен де жақсы «жұмыс істеді». Мексикалық боксшы да абдырап қалмады, бірақ осы раундта Қанаттың басымдығын сезді.

Кездесу 12-раундта Қанаттың жеңісімен аяқталды.

Осылайша ешкімнен жеңіліп көрмеген Қанат Ислам 24-ші жеңісіне қол жеткізді. Қанат 24 кездесудің 19-ын нокаутпен аяқтаған. Ал Гонсалес 23 рет жеңіске жетіп, 9 рет қарсыласына есе жіберіп қойған.

Бір қызығы, Гонсалес Исламнан 4 жасқа үлкен және оның кәсіпқой рингтегі мансабы Қанатпен салыстырғанда 5 жыл бұрын басталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы рингте қазақстандық Жанқош Тұраров месикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз