Түркіменстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары Батыр Эрешов өз-өзіне қол жұмсаған. Дереккөздің хабарлауынша, бұның алдында вице-премьердің ұлы тұтқындалған.
Өнеркәсіп кешеніне жауапты саясаткер Батыр Эрешовтың қайтыс болған жайлы 3 мамырда түркіменстандық ресми баспасөз хабарлаған еді.
Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оның ұлы аса ірі көлемдегі қаражатпен ұсталған делінеді. Билікке жақын дереккөздің хабарлауынша, баласы ұсталған соң артынша Эрешовтың соңынан тыңшы түскен.
“Хроника Туркменистана” сайтының хабарлауынша, Эрешов Өзбекстанның Бұхара облысындағы зиратта, бабаларының қасына жерленген.