Көпшілік Ерке Есмаханды қолынан ән айтудан басқа іс келмейтін ерке әнші деп санайды. Мұндайда жұрт әншінің де бір кездері келін болғанын ұмытып кететін сыңайлы. Алайда шын мәнінде Ерке қандай?
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Ол тағамның кез келген түрін дәмді етіп әзірлей алатынын айтты. Алайда Ерке жасаған асты бір ғана адам жеп көрген екен. Ол әншінің ұлы – Мүслім.
«Мен жаман болған жоқпын жаман пікір айтатындай. Жақсы пікір айтып жүрсе, ол өте дұрыс», – деп ағынан жарылды Ерке.
Ерке ұлы туралы сөз қозғап, Мүслімді әкесімен мүлдем араластырмайтынын мәлімдеді. Бұдан өзге, әнші ұлының әкесінің алимент төлемейтінін айтып берді.
«Мүслім әкесімен хабарласпайды. Оған рұқсат етпеймін. Мүлдем. Алимент төлемейді, оны сұрамаймын да», – дейді Ерке Есмахан