Bank RBK мен Qazaq Banki бірігетіні жайлы келісімге келді.
Бұл туралы “Bank RBK” АҚ баспасөз қызметіндегілер хабар таратты.
“Bank RBK” АҚ пен “Qazaq Banki” АҚ акционерлері екі қаржы институтының бірігуіне қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Жақын арада екі банк арасында өзара меморандумға қол қойылады. Осылайша екі банк бірігеді. Меморандумдағы негізгі ережелер ҚР Ұлттық банкімен келісілді”, – делінген хабарламада.
екі банктің бірігуінен пайда болған қаржы институтының Bank RBK брендімен жұмыс істейтіні айтылады.