Жыл басынан бері Ақтөбеде 58 әйелден сүт безі обыры анықталды. Дерті асқынған 20 нәзік жанды көз жұмған.
Ақтөбелік дәрігерлер отадан қорқып, дәрігерге қаралмайтын адамдарға имплант салу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әйелдер омырауында ісік, жара бар екенін білсе де дәрігерге дер кезінде бармайды. Олар дерт анықталса омырауымыздан түгел айырылып қаламыз деп қорқады.
Қазір жергілікті дәрігерлер сүт безін сақтап қалудың жолдарын біледі. Әйелдер үшін отадан кейін қалпына келу өте қиын екенін білеміз. Қазір омырауынан айырылғанда оның орнын толтырудың жолы бар. Имплант орнату отасы ақысыз жасалады»,- деді Шынар Талаева.
Айта кетейік, Ақтөбеде сүт безі обырының өлім көрсеткіші І-орынға шықты. Жыл басынан бері 50 нәзік жандыдан омырау дерті арықталып, 20 әйел сүт безі обырынан қайтыс болды.