Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-18
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Өзбектер неге колбаса жемейді?

Соңғы он күнде ауданда кем дегенде екі есек ұрланған. Тұрғындар есектерді белгісіз біреулер сойып, терісін сыпырып әкеткенін кейін көрген. «Есектің терісі қымбат деседі. Естуімше, бір есектің терісі 100 доллар тұрады екен», — дейді Пайарық ауданының бір тұрғыны.

Есек ұрланып жатқанын естіген аудан халқы шұжықтан бас тарта бастады. «Біздің махалланың тұрғындары шұжық жемейтін болды, өйткені есектің етінен жасалған болуы мүмкін деп қауіптенеді», — дейді жергілікті тұрғындар.

Пайарық аудандық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жергілікті тұрғындардың ешқайсысы есек жоғалғаны туралы арызданбаған. «Біздің ауданда есек сатылмайды. Арызданбағанының бір себебі сол болса керек», — деді басқарма өкілі.

2016 жылы желтоқсанда Самарқанда есек бизнесімен шұғылданған бір топ адам жазаланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз