Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Бізге жала жапты”. Ақтөбеде қызына күн бермеген деген ата-ана мұнарадан секіріп кетті

Ақтөбе қаласы маңындағы Қурайлы ауылында 7 жасар Кристина Шустерді өгей анасы соққыға жыққан. Қазір мектеп оқушысы ауруханада жатыр. Ал кешкілік полицияға белгісіз біреу хабарласып, Қурайлы ауылындағы мұнара басына ерлі-зайыпты Шустер мен Дүйсенованың шыққанын, олар өз-өзіне қол жұмсайтындары туралы айтып қорқытқанын жеткізді.

«Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғаушылар барды. Мұнара басына шыққан ерлі-зайыптылар арасында келіссөз жүрді. Дегенмен екеуі де келісімге келмей, биіктен секіріп кетті»,- деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Келіссөз 2 сағатқа созылғанымен, еш нәтиже бермеген. Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, осы келеңсіз жағдай бойынша облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғады. Бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз